Жаңалықтар / Қазіргі таңда ғылым мен білім – адамзат өркениетінің ең басты тірегі.
Қазіргі таңда ғылым мен білім – адамзат өркениетінің ең басты тірегі.
Қазіргі таңда ғылым мен білім – адамзат өркениетінің ең басты тірегі. Ғылым дамыған сайын қоғам да алға жылжып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Бүгінгі технологиялық жетістіктердің барлығы – ғылымның нәтижесі. Осы орайда, № 176 орта мектебінде “Ғылым-болашақтың жолы” тақырыбындағы ғылым айлығының аясында “Ғылым-болашақтың кілті” тақырыбында 7-9-10-сыныптар аралығында эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты оқушылар мен жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және қазіргі заманғы технологиялық прогрестің маңыздылығын түсіндіру.
Ғылым жолы – үлкен еңбекті талап ететін жол. Бұл жолда табандылық, шыдамдылық, жауапкершілік сияқты қасиеттер аса қажет. Кейде қиындықтар да кездесуі мүмкін, бірақ сол қиындықтарды жеңе білу – нағыз жетістікке жеткізеді. Ғылым арқылы өз болашағын ғана емес, елінің де болашағын жарқын етуге үлес қосуда. « Ғылым – болашақтың кілті» тақырыбында жазылған жұмыстарынан ғылым арқылы ғана қазіргі технологиялардың барлығына қол жеткізуге болатынын шығармашылық жұмыстары арқылы жеткізе отырып, жастарды жаһандық мәселелердің шешімін ғылыми тұрғыдан іздеуге, сыни ойлауға және интеллектуалды ұлт қалыптастыруға үндеу тастайды.

