Жаңалықтар / Бала көзімен ата-ана еңбегі
«Бала көзімен ата-ана еңбегі» №176 орта мектебінде 9 «Ә» және 9 «В» сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 3 сәуір күні «Бала көзімен ата-ана еңбегі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ата-аналардың бір күндік еңбек жолымен таныстыру, олардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Аталған іс-шара барысында оқушылар ата-анасының бір күндік жұмыс барысымен таныстырылды.
Ата-ана өз жұмыс орнын баласына таныстырып, мамандығының ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы мәлімет берді. Күнделікті еңбек әрекетімен танысып, түрлі сұрақтар қойып, өздеріне қажетті ақпарат алды.
Бұл іс-шара оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.

