Жаңалықтар / Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы
Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы
№176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға кітапханаға экскурсия жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар балалар әдебиетінің бай мұрасымен танысып, түрлі қызықты кітаптармен қауышты. Көрмеге қойылған шығармалар жас оқырмандардың қызығушылығын арттырып, олардың кітап оқуға деген ынтасын оятты.
Экскурсия кезінде кітапхананың жұмыс тәртібі түсіндіріліп, кітап қоры таныстырылды. Оқушылар кітап таңдаудың маңыздылығы мен оның адам руханиятына қосатын үлесі туралы мағлұмат алды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани дамуына ықпал ету және оқырман мәдениетін қалыптастыру.

