Жаңалықтар / Балалар кітапханасы

Балалар кітапханасы
№176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Бір отбасы – бір кітап» тақырыбында видеоролик байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, балаларды кітап оқуға баулу және ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту.
Шараға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, өз отбасымен бірге оқыған сүйікті кітаптары жайлы мазмұнды әрі әсерлі видеороликтер ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, қатысушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай танымдық шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, отбасылық оқудың маңызын айқындайды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top