Жаңалықтар / Білім мен ізденістің, жаңалық пен жаңашылдықтың мерекесі – Ғылым күні әр ғалым мен ізденуші жанға шабыт пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін!
Білім мен ізденістің, жаңалық пен жаңашылдықтың мерекесі – Ғылым күні әр ғалым мен ізденуші жанға шабыт пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін!
Ғылым – болашақтың кілті, ал білім – сол болашаққа апарар жол.
Мектебімізде оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін дамыту мақсатында 5-7 сыныптар арасында «Ғажайып ғылым әлемі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Шара барысында оқушылар ғылымның түрлі салалары бойынша қызықты мәліметтермен танысып, тәжірибелік жұмыстар мен шағын эксперименттер көрсетті. Іс-шарада түрлі викториналық сұрақтар, логикалық тапсырмалар және ойын элементтері ұйымдастырылып, оқушылар белсенді түрде қатысты. Олар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, жаңа мәліметтер алып, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытты.
Оқушылар ғылымның адам өміріндегі маңызын түсініп, ізденімпаздыққа, зерттеушілікке деген ынталарын арттырды.

