Жаңалықтар / Болашаққа сенімді қадам.Мен нені білуім керек?
Болашаққа сенімді қадам.Мен нені білуім керек?
2025 жылдың 22 қазан күні 8-9 сынып қыздарына
«Болашаққа сенімді қадам.Мен нені білуім керек?»тақырыбында сала мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты:
Жасөспірім қыздарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жеке гигиена мен репродуктивті денсаулықтың маңызын түсіндіру, мамандардың кеңестері арқылы дұрыс өмір салтын қалыптастыру.
Кездесуге облыстық жастар денсаулығы орталығының
гинеколог маманы Айзат Идирисова,
валеолог маманы Айгерім Алдабергенова,
4 қалалық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы
Жамила Махмудқызы қатысты. 8-9 сынып қыздарына
— жеке гигиенаны сақтау;
— ерте жүктілікті болдырмау;
— репродуктивті саулық;
— зиянды әдеттердің алдын — алу;
— дұрыс тамақтану мен күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру туралы жан- жақты түсіндірме жұмысын жүргізді. Бейнероликтер көрсетілді.
Бүгінгі мамандар кеңесі:
«Өзіңді құрметтеу өз денеңді қорғаудан басталады» деген түйін мен қорытындыланды.

