Жаңалықтар / Әдеби Quiz
Әдеби Quiz
№176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен оқушылардың қысқы демалысын тиімді әрі мазмұнды өткізу мақсатында «Әдеби Quiz» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Шара барысында оқушылар қазақ және әлем әдебиеті бойынша сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жылдамдықтарын сынады.
Ойын қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушылар белсенділік танытты. Шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік берді.

