Жаңалықтар / Дені сау ұрпақ- жарқын болашақтың кепілі!

Дені сау ұрпақ- жарқын болашақтың кепілі!

12 қыркүйек күні №176 орта мектебінде 5-7 сынып оқушылары   арасында «Репродуктивті денсаулықты сақтау», «Сөс ұстан — жарақаттанудың алдын ал, жолда жүру ережесін сақта!», «Қатерлі ісіктердің қауіп факторлары», «Лимфомалар туралы», «АПВ вакцинациясы дегеніміз не?», «Дұрыс тамақтан, дене жаттығуын жаса» тақырыптарында семинар-тренинг өткізілді. 

     СӨС маманы Махмудова Жамиля, мектеп мейірбикесі Утепбаева Айгүл,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дарбаева Бақытжамал және психолог Абиева Бағдагүл осы тақырыптарды қамти отырып, буллинг және кибербуллинг мәселелері туралы  кеңінен түсіндірме жұмысын жүргізді. 

      Оқушыларға жеке бас гигиенасы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, өзгеге құрметпен қарау, интернеттегі қауіпсіздік және кибербуллинг, зиянды әдеттердің алдын алу ( темекі, есірткі) жолдары жөнінде пайдалы ақпараттар берілді. 

      Мақсаты:  жасөспірімдер арасында өзара сыйластықты арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу және қауіпсіз орта қалыптастыру.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top