Жаңалықтар / Деструктивті діни ағымдардың алдын алайық

Деструктивті діни ағымдардың алдын алайық
Мектебімізде “ Деструктивті діни ағымдардың алдын алайық” тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналысқа Облыстық Дін істері басқармасынан “ Дін мәселелерін зерттеу орталығы” теолог маманы Байназаров Еркін қатысты.
Дін- адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік мәдени сана.Алайда соңғы жылдары елімізде түрлі жат діни ағымдар көбейіп кеткендігін, кез келген ағым жетегіне еріп кету қауіпті екендігін түсіндірді.
Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексі
174- бап, Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік- топтық немесе діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар намысы мен қадыр- қасиетіне діни сезімдерін қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, діни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті, немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді дайындау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын түсіндірді.
Оқушыларға аталған тақырыптарда бейнероликтер көрсетілді.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top