Жаңалықтар / ДОСБОЛLIKE — БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН!
ДОСБОЛLIKE — БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН!
Мектебімізде 1-6 сыныптарда «ДосболLIKE – Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Бұл тәрбиелік шараның басты мақсаты – оқушыларға буллингтің зиянын түсіндіру, қауіпсіз орта қалыптастыру, бір-бірін құрметтеуге және жанашыр болуға үйрету.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз ойларын ашық айтып, буллингтің түрлері мен алдын алу жолдары туралы пікір алмасты. Топтық жұмыс, жағдаяттарды шешу, видео талдау арқылы балалардың сыни ойлау және жанашырлық дағдылары дамыды.
«Буллингке – ЖОҚ! Достыққа – LIKE!» деген ұранмен өткен бұл сынып сағаттары оқушылардың жүрегіне ой салып, достықтың қадірін ұғындырды.

