Жаңалықтар / Ел қорғайтын ертеңгі ұрпақ
6-мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай «Ел қорғайтын ертеңгі ұрпақ» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында спорттық сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене белсенділігін арттыру.
Оқушылар қызықты әрі жеңіл эстафеталық ойындарға қатысып, өздерінің шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Атап айтқанда, «Допты жеткізу», ол «Кедергілерден өту», «Секіру», «Қол күрес» сияқты ойындар ұйымдастырылды.
Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты көрсетті. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, өз командаларын қолдап отырды.
Сайыс соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, мадақтамалармен ынталандырылды.
Өткізілген іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушылардың денсаулығын нығайтуға және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.

