Жаңалықтар / Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
№176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында библиофреш іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың ой-өрісін дамыту және рухани құндылықтарды насихаттау.
Библиофреш барысында оқушыларға түрлі халық ертегілері мен балаларға арналған жаңа кітаптар таныстырылып, қызықты мәліметтер берілді. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлері туралы сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді түрде қатысып, ерекше әсер алды.

