Жаңалықтар / Көңілді үзіліс
Көңілді үзіліс
Мектеп өмірін тек біліммен шектемей, оқушылардың күнделікті тынысын жандандырып, жағымды эмоция сыйлау мақсатында № 176 орта мектебінде 25 қараша күні «Көңілді үзіліс» сергіту шарасы ұйымдастырылды.
Бұл үзіліс барысында оқушылар әр түрлі ойындар ойнап, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасады.
Шараның мақсаты – оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсарту, белсенділіктерін арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту. «Көңілді үзіліс» – мектептегі күннің жарқын әрі есте қаларлық сәттерінің бірі.

