Жаңалықтар / Көлік және жаяу жүргінші: қауіпсіз қарым-қатынас
Көлік және жаяу жүргінші: қауіпсіз қарым-қатынас
11 желтоқсан күні мектебімізде «Көлік және жаяу жүргінші: қауіпсіз қарым-қатынас» тақырыбында 6 «Б» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін үйрету, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қарым-қатынасындағы қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға бағдаршам сигналдары, жаяу жүргінші жолы, жол белгілері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылармен «Дұрыс-бұрыс», «Қауіпсіз жол» атты ойындар ойнатылды, жол белгілерін тану бойынша викторина өтті.
Балалар жолда жүру ережелерін меңгеріп, жаяу жүргіншінің міндеттері мен қауіпсіз қозғалыс жолдарын үйренді.

