Жаңалықтар / Кәмелетке толмағандар қауіпсіздігі бойынша жиналыс
Кәмелетке толмағандар қауіпсіздігі бойынша жиналыс
№176 орта мектебінде 26 наурыз күні кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және педагогтар тарапынан орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтардың және педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жиналысы өткізілді.
Жиын барысында білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау, құқықтарын қорғау және алдын алу шараларын күшейту жолдары жан-жақты түсіндірілді.

