Жаңалықтар / «КҮЗГІ АСАР» ЖӘРМЕҢКЕСІ
№176 орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында дәстүрлі «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушыларды еңбекке баулу, өз еңбегінің нәтижесін бағалай білуге, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және үнемшілдікке тәрбиелеу болды.
Жәрмеңке барысында оқушылар өз қолдарымен өсірген бақша өнімдерін, үй тағамдарын және қолөнер бұйымдарын ұсынды. Ата-аналар мен ұстаздар белсенді қатысып, балалардың бастамаларына қолдау білдірді.
Жиналған қаражат мектептің әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларына көмек ретінде жұмсалмақ. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында көтеріңкі көңіл-күй орнады.
Оқушылар адал еңбек арқылы жетістікке жетудің маңызын ұғынды.
«Күзгі асар» жәрмеңкесі – оқушылардың еңбексүйгіштік, жауапкершілік және қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

