Жаңалықтар / Күзгі демалыс кезінде
Күзгі демалыс кезінде
№176 мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Мен оқыған бір кітап…» атты библио-кросс акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани байлығын кеңейту және өздері оқыған кітаптарды достарына таныстыра отырып, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар күзгі демалыс кезінде оқыған сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, кітаптың мазмұны мен негізгі идеясын қысқаша баяндап, өз әсерлерімен бөлісті.
Шараға 3«Ә», 4«Ә», 6 «А», 6«Ә» сынып оқушылары қатысты. Оқырмандар кітап кейіпкерлерінен үлгі алып, қызықты пікірлер айтты.
Оқырман қауымға алғыс білдіреміз және барша оқушыларды кітап оқуға шақырамыз!

