Жаңалықтар / Әке –балаға үлгі, қоғамға тірек
Мектебімізде 21-қаңтар күні, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Даналық мектебі жобасы аясында “Әке –балаға үлгі, қоғамға тірек» тақырыбында 9-сынып әкелерімен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін нығайту, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты күшейту.
Шара барысында оқушылар өз отбасылары туралы айтып, әкелерінің еңбегі мен өнегелі қасиеттерімен бөлісті. Әкелер мен балалар бірлескен ойындар мен тапсырмалар орындап, отбасыдағы өзара сыйластық, қамқорлық, жауапкершілік туралы ой қозғады.Оқушылар тарапынан өнер көрсетілімдері ұйымдастырылып, қызықты сұрақтармен бөлісті.
Іс-шара өте мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
Қатысушылар бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше екенін тағы бір мәрте түсінді.
Бүгінгі кездесуден түйгеніміз – әке тек отбасының асыраушысы ғана емес, ол баланың өмірдегі ең алғашқы тәрбиешісі, тірегі әрі қорғаны. Әкенің әрбір сөзі мен ісі бала жүрегінде мәңгі сақталып, оның болашағына бағыт береді.
Сондықтан балаға көрсетілген әрбір қамқорлық, әрбір үлгі – ертеңгі саналы ұрпақтың негізі. Әке мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас – бақытты отбасының басты кепілі.

