Жаңалықтар / Әке мен бала арасындағы сенім
29-қаңтар күні мектебімізде Даналық мектебі жобасы аясында «Әке мен бала арасындағы сенім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзара сенім, сыйластық, ашық қарым-қатынас орнатудың маңызын түсіндіру, отбасылық тәрбиенің рөлін арттыру.
Дөңгелек үстел барысында әкенің отбасындағы орны, баланың тәрбиесіндегі әке үлгісінің маңызы, сенімді қарым-қатынас орнату жолдары талқыланды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, өмірден алынған мысалдармен бөлісті. Әке мен баланың бір-бірін тыңдай білуі, баланың пікіріне құрметпен қарау, қолдау көрсету мәселелері кеңінен қозғалды.
Сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар отбасындағы түсініспеушіліктерді шешу жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Шара барысында әке мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас – баланың тұлғалық дамуына, мінез-құлқының қалыптасуына тікелей әсер ететіні айтылды.
Іс-шара әкелер мен балалар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған тәрбиелік мәні жоғары кездесу болды.

