Жаңалықтар / Кітапханаға кітап сыйла!
Кітапханаға кітап сыйла!
№176 орта мектеп кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және мектеп кітап қорының жаңа әдебиеттермен толығуына үлес қосу.
Іс-шара барысында 4 «Б» сынып оқушылары өздері оқыған сүйікті кітаптарын кітапханаға тарту етті. Кітапхана қоры жаңа туындылармен толықты, ал акцияға қатысушылар жақсылық жасау арқылы оқуға деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетті.
Кітап – рухани қазына. Әр сыйланған кітап – білім мен ізгіліктің көпірі!

