Жаңалықтар / Ұлттық ойын — ұлт мақтанышы!

Ұлттық ойын — ұлт мақтанышы!

№176 орта мектебінде оқушылардың күзгі каникул күндерінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ұлттық мектеп лигасы аясында, 4-9 сыныптар арасында  Ұлттық ойын «бес асық», «асық ату», 5-7 сыныптар арасында  «тоғызқұмалақ» ойындарынан мектепішілік сайыстар  өтті. 

Шараның мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұлттық ойындарды дәріптеу және бос уақытты тиімді өткізуге баулу болды. 

Оқушылар өз білімдері мен шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойнады. 

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар диплом мен алғыс хаттармен марапатталды. 

Барлық қатысушыларға сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top