Жаңалықтар / Ұлттық рух – тәуелсіздік тірегі
Ұлттық рух – тәуелсіздік тірегі
12 желтоқсан күні №176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Ұлттық рух – тәуелсіздік тірегі» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын түсіндіру, тәуелсіздік туралы кітаптармен таныстыру, елдік мұратқа, ұлттық рух пен патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы маңызды оқиғалармен танысып, тарихи деректерді тыңдап, ой бөлісті.
Шара соңында оқушыларға Тәуелсіздік туралы викториналық сұрақтар ұсынылып, оқушылар белсенділік танытты.

