Жаңалықтар / Ұлттық спорт
Ұлттық спорт
Ұлттық спорт
«Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт» күніне орай мектебімізде «Бабамыздан қалған асыл қазына» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шарада оқушылар арасында қол күрес, арқан тарту, бес асық, асық ату, ләңгі тебу сынды ұлттық ойындар бойынша жарыстар өткізілді.
Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын көрсетті. Бұл шара жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер оқушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Ұлттық мұрамызды ұлықтайтын шаралар жалғасын таба берсін!

