Жаңалықтар / Ұлы даланың ұлы перзенті

Ұлы даланың ұлы перзенті
№176 орта мектебінде 24 сәуір күні 6 «Ә» сыныбында «Ұлы даланың ұлы перзенті» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасын таныстыру, оның тұлғалық қасиеттерін үлгі ету.
Сабақ топтық жұмысқа негізделген шығармашылық бағыттағы сабақ өткізілді.Оқушыларға сабақты меңгерту мақсатында қолданылған әдістер:«Жаңғырық», мини-дәріс, «Төрт қыры», «Дереккөздер сөйлейді», рөлдік ойын (тарихи реконструкция), «Сұхбат алаңы», «Ой картасы», «Семантикалық карта», шығармашылық тапсырмалар, «Бағдаршам» әдісі.
Сабақ соңында оқушылар:
– Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін біледі;
– Оның ғалым, саяхатшы, этнограф, әскери офицер ретіндегі қырларын ажыратады;
– Өз ойын еркін жеткізіп, тарихи тұлғаға баға бере алады;
– Шығармашылық жұмыстар арқылы жеке көзқарасын білдіреді.
Сынып сағаты оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top