Жаңалықтар /Мәдени демалыс – тәрбиенің бір бөлігі
Мәдени демалыс – тәрбиенің бір бөлігі
Көктемгі демалыс жоспарына сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4 «Б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Әбдіқадырова Шынардың ұйымдастыруымен кинотеатрға барды.
Мақсаты – оқушылардың демалыс уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне жағдай жасау, мәдени демалысқа баулу. Кинотеатрға бару барысында оқушылар қызықты фильм көріп, жақсы көңіл-күйге бөленді.
Іс-шара оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, достық байланыстарын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, оқушылар уақыттарын тиімді пайдаланып, көктемгі демалысты мазмұнды әрі ұмытылмас етіп өткізді.

