Жаңалықтар / Мамандық таңдау

Мамандық таңдау

«Мамандық таңдау – басты бағдарымыз»

176 орта мектебінде мамандыққа бағдар беру апталығының ашылуы өтті.

Апталықтың ашылу салтанаты ерекше көңіл-күйде ұйымдастырылып, оқушылар жаңа заманға сай сұранысқа ие мамандықтарды таныстырып, түрлі рөлдерді сомдады.

Сонымен қатар, «Сұрақ-жауап» айдарында оқушылар мамандықтар әлемі туралы өз білімдерін сынап, белсенділік танытты. Танымдық әрі қызықты өткен шара барысында болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы айтылды.

Апталық аясында түрлі кездесулер, тренингтер, байқаулар мен танымдық шаралар өткізілетін болады.

Барша оқушыларды апталық іс-шараларына белсене қатысуға шақырамыз!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top