Жаңалықтар / Мектебімізде 11-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті.

Мектебімізде 11-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
Күн тәртібінде:
2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері мен жоспарланған жұмыстар;
2024–2025 оқу жылындағы ҰБТ нәтижелері, мамандық таңдау және таңдаулы пәндер туралы ақпарат;
ҰБТ-ға дайындық барысы мен сынама тест қорытындысы;
Ағымдағы мәселелер қаралды.
Жиналыс барысында мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Назикбаев Мейрамбек сөз алып, ҰБТ нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасап, алдыңғы жылғы статистикамен таныстырды. Сондай-ақ, ата-аналарға ҰБТ ерекшеліктері жайлы кеңінен түсіндіріліп, дайындық жоспары ұсынылды.
Мектеп психологі Абиева Бағдагүл ата — аналарға ҰБТ ға дайындық барысында балаларға қандай психологиялық көмек беру жайында кеңестер берді.
Бұл кездесу оқушылардың болашағына бағыт беріп, ата-аналарға маңызды ақпарат алмасуға мүмкіндік жасады.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top