Жаңалықтар / Мектеп Парламенті көшбасшыларын ұлықтау рәсімі
Мектеп Парламенті көшбасшыларын ұлықтау рәсімі
14-қараша күні мектебімізде «Көшбасшыға сенім-болашаққа үміт» тақырыбында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрамын таныстыру және Мектеп Парламентін ұлықтау рәсімі болып өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, одан кейін «Ұланбыз Отанды қорғайтын» әні шырқалды.
Шара барысында жаңа сайланған Мектеп Президенті мен Парламент мүшелері ант қабылдап, өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға уәде етті.
Ұлықтау рәсімі оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытуға, жауапкершілік пен ұйымшылдық сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Жиын соңында мектеп директоры Садуова Майра Өмірзаққызы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа құрамға табыс тіледі.
Жаңа сайланған Мектеп Парламентін
шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға сеніммен қарай отырып, шығармашылық табыс, әділдік пен жауапкершілік тілейміз.

