Жаңалықтар / Мектеп пен отбасы: бір мақсат, ортақ тәрбие, сапалы білім
Мектебімізде «Мектеп пен отбасы: бір мақсат, ортақ тәрбие, сапалы білім» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Озық ойлы ұлт» идеясы аясында білім алушылардың ата-аналарымен байланысты жандандыру, мектеп өміріндегі шараларға қатыстыру; Ашық есік күнінде ата-аналарға арналған оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің «Ұлттық құндылықтар-ұлт болашағы» ұлттық қолөнер көрмесі; пәндер бойынша ашық сабақтар, Аналармыздың қатысуымен «Асық ату», «Бес асық» ұлттық ойындар, «Ұшқыр ой алаңы» жобалар жұмысы, Әкелермен ұйымдастырылған Волейбол, Теннис үйірме жұмысынан спорттық ойындар, «Ата-ана, бала және кітап: Үштаған құндылық» тақырыбында «Балалар кітапханасы» жоба жұмысы, «Әр бала-бір әлем» ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен танымдық сағат; «Цифрлық дәуірдегі қауіпсіз мектеп» аясында мектеп мұражайы, кітапхана, жаңа пән кабинеттерінің жұмысы ата-аналарға таныстырылды.Шара соңында «Екі жұлдыз» қорытынды кеші ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Барлық шараларға келген ата-аналарымыз белсенді қатысты. Өз ой- пікірлерін білдіре отырып мектептің оқу-тәрбие жұмыстарына оң бағасын берді. Ата-ана мен ұстаз жұмыла әрекет еткенде, бала болашағы жарқын, тәрбиесі кемел болады. Бүгінгі шараға уақыт тауып қатысқан ата-аналарымызға үлкен алғыс білдіреміз!

