Жаңалықтар / МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ БІРЛІГІ – САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ
МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ БІРЛІГІ – САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Мектебімізде «Мектеп пен отбасы: бір мақсат, ортақ тәрбие, сапалы білім» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Озық ойлы ұлт» идеясы аясында білім алушылардың ата-аналарымен байланысты жандандыру, мектеп өміріндегі шараларға қатыстыру;
Отбасы құндылықтары мен білім беру ұйымындағы сабақтастықты сақтау жолында ата-аналармен бірлескен шаралар ұйымдастыру, цифрландыру кезеңдегі үлгілік шараларды насихаттау;
Ашық есік күні арнайы ұйымдастырылған «Қабілетті шыңдау жолындағы оқушы шығармашылығы» атты тағылымды да, мазмұнды ұлттық қолөнер көрменің ашылуымен басталды. Ата-аналар үшін пәндер бойынша ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, Ана мен қыз арасындағы «Инабатты қыз – ибалы елдің көркі» атты тренингі, Әкелермен ұйымдастырылған «Әке мен бала арасындағы сенім» тренингі, «Салауатты отбасы — бақытты болашақ» тақырыбында отбасылық спорттық ойындар, «Ұшқыр ой алаңы» жобалар жұмысы, «Бір кітап – мың идея» тақырыбында «Балалар кітапханасы» жоба жұмыстары ұйымдастырылды. Шара соңында Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл мұрасы – мәңгілік қазына» тақырыбында мектеп театры жобасының қойылымы ұйымдастырылды. Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасы, өнегелі өмір жолы мен өшпес өлеңдері сахна тілімен әсерлі жеткізілді.
Ата-аналармен өткізілген Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар мектептің оқу-тәрбие жұмысына қанығып, көрсетілген жұмыстарға өздерінің оң бағаларын білдірді. Ашық әрі жылы форматта өткен кездесу өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайта түсті.
Бала болашағы – мектеп пен отбасының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Екі тарап бір мақсатқа жұмылып, өзара түсіністік пен сенімде әрекет еткенде ғана тәрбие тиянақты, білім сапалы болмақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінде мектеп пен отбасының тығыз байланысы – қоғам дамуының берік негізі.

