Жаңалықтар / Мен оқитын мектеп – оқуға құштар мектеп

Мен оқитын мектеп – оқуға құштар мектеп

№176 орта мектептің ұйымдастыруымен  22 қаңтар күні «Мен оқитын мектеп оқуға құштар мектеп» тақырыбында Book Talk форматындағы ашық алаңRF шарасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру және білім алуға ынталандыру. 

Аталған шараға 8-сынып оқушылары белсенді қатысып, өздері оқыған көркем әдебиеттері туралы ой бөлісті, кітап мазмұнына талдау жасап, алған әсерлерін ортаға салды. Book Talk барысында оқушылардың еркін сөйлеу, сыни ойлау, пікір білдіру дағдылары дамытылды. 

Шара барысында пән мұғалімдерімен пәнаралық байланыс орнатылып, әдеби шығармаларды түрлі пәндермен ұштастыра талдау жұмыстары жүргізілді. Бұл өз кезегінде оқушылардың білімді кешенді түрде қабылдауына және кітаптың оқу процесіндегі маңызын терең түсінуіне мүмкіндік берді. 

Ашық алаң форматында өткен іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, мектепте «оқуға құштар орта» қалыптастыруға оң әсерін тигізді. 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top