Жаңалықтар / Менің келешектегі мамандығым жайлы арманым
«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ — БАСТЫ БАҒДАРЫМЫЗ» АПТАЛЫҒЫ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру бағытында 9,10,11 — сынып оқушылары арасында «Менің келешектегі мамандығым жайлы арманым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Шара барысында оқушылар заманауи мамандықтармен танысып, болашаққа деген көзқарастарын ортаға салды. Интерактивті презентациялар, QR-код тапсырмалары және онлайн-викториналар қолдану арқылы білім алушылардың белсенділігі артты.
Сонымен қатар әр оқушы өз армандаған мамандығы туралы таныстырылым жасап, болашақ мақсаттарымен бөлісті. Заманауи технологиялардың қазіргі қоғамдағы рөлі мен жаңа мамандықтардың маңызын түсінді. Шара соңында «Болашаққа хат» әдісі арқылы өз армандары мен мақсаттарын жазып, ой-толғаныс жасады.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың болашаққа сенімін нығайтып, мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді.

