Жаңалықтар / Менің Отаным – Қазақстан
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай №176 орта мектебі жанындағы «Сыр самалы» жазғы сауықтыру лагерінде «Менің Отаным – Қазақстан» атты патриоттық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы мағлұмат алып, рәміздерге құрмет көрсету мәдениетін қалыптастырды. Балалар «Орда» квест ойынына қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Сондай-ақ патриоттық рухты көтерген әсерлі флешмоб ұйымдастырылды.
Осындай танымдық шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет және отансүйгіштік қасиеттері нығая түседі.
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айбыны, тәуелсіздігіміздің тұмары!

