Жаңалықтар / Өнертапқыштыққа алғашқы қадам
Өнертапқыштыққа алғашқы қадам
«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында командалық сайыс өтті.Оқушылардың инженерлік және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жаңашыл идея ұсынуға баулу, ғылыми-техникалық қызығушылығын арттыру, жобалық жұмысқа ынталандыру.
Іс-шара барысында оқушылар шағын топтарға бөлініп, тұрмыста кездесетін мәселелерге шешім ұсынатын қарапайым өнертабыстардың үлгілерін жасады. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып, идеяның пайдасы мен қолдану аясын түсіндірді. Қағаз, картон, тұрмыстық қалдық материалдар арқылы модельдер құрастырылып, қарапайым тәжірибелер көрсетілді.

