Жаңалықтар / Оқы, ойлан, жаса

Оқы, ойлан, жаса

№176 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқы, ойлан, жаса» тақырыбында шығармашылық квест өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру.

Квест барысында қатысушылар түрлі танымдық тапсырмалар орындап, кітап кейіпкерлерін танып, жұмбақтар шешіп, шығармашылық жұмыстар жасады.

Оқушылар топпен жұмыс жасап, өздерінің тапқырлығы мен белсенділігін көрсетті.

Шара өте қызықты әрі тартымды форматта өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар кітап әлеміне саяхат жасап, білім мен шығармашылықтың маңызын терең түсінді.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top