Жаңалықтар / Оқырманды бірге тәрбиелейміз
Оқырманды бірге тәрбиелейміз
№176 орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Оқырманды бірге тәрбиелейміз» тақырыбында мектепішілік шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды мектеп кітапханасының жұмысымен таныстыру, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда отбасы мен мектептің бірлескен рөлін көрсету.
Шара барысында ата-аналар кітапхана қорымен, жаңа әдебиеттермен және оқырмандарға арналған қызмет түрлерімен танысты. Кітапханашы балалардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру жолдары туралы айтып, ата-аналармен пікір алмасты.
Сонымен қатар, қатысушыларға кітап көрмесі таныстырылып, баланың оқу дағдысын дамытуда ата-ананың қолдауы мен үлгісінің маңызы туралы түсіндірілді. Іс-шара барысында ата-аналар өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдіріп, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы оқырман тәрбиесінде ерекше маңызға ие екені атап өтілді.

