Жаңалықтар / Қош келдің, Жаңа жыл!

Қош келдің, Жаңа жыл!
№176 орта мектебінде «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында көңілді әрі әсерлі мерекелік кештер өткізілді.
Мерекелік іс-шараның басты мақсаты: оқушыларға шаттық көңіл-күй сыйлау, жаңа жылға деген үміт пен қуанышты сезіндіру болды.
Балалар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, қызықты қойылымдар көрсетіп, ән салып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Әр сынып өздерінің өнерлерін паш етіп, ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылдық шаттыққа бөленді.
Мерекелік кеш барысында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен түрлі ойындар ойнатылып, оқушыларға Аяз атаның қоржынынан сыйлықтар табысталды. Балалар үшін бұл күн есте қаларлық, көңілді әрі ерекше әсерге толы болды.
Жаңа 2026 жыл — жаңа үміттер мен жаңа мүмкіндіктер жылы болсын!
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа шаттық пен береке, мол ырыс пен ынтымақ әкелсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, балаларымыз бақытты болып, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болғай!
Жаңа жыл құтты болсын!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top