Жаңалықтар / Отбасы күніне
Отбасы күніне
№176 орта мектебінде «Отбасы күніне» орай 12-қыркүйек күні «Толағай» отбасылық спорттық сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, жас ұрпақты сыйластыққа, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайысқа:
5 «А» сыныбынан «Жасұлан» тобы
5 «Ә» сыныбынан «Start Line» тобы
5 «Б» сыныбынан «Family Boom!”
6 «Ә» сыныбынан «Сұңқар» тобы қатысты.
Сайыс жоғары деңгейде өтті.
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрды.
Отбасылық командалар белсене қатысып, тапқырлықтарын, шапшаңдығын, ұйымшылдығын көрсетті. Әрбір кезеңнің қызықты тапсырмалары ойын түрінде ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, қатысушылар жүлделі орындар, сыйлықтармен марапатталды.

