Жаңалықтар / Республика – менің Отаным!
Республика – менің Отаным!
2025 жылдың 20-23 қазан аралығында 1-10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Республика – менің Отаным!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Мақсаты: оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер мен ел тарихына құрмет сезімін тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар Республика күні туралы мағлұмат алып, тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен жетістіктері жайында ой бөлісті, тақырыпқа сай өлеңдер оқып, бейнероликтер тамашалады.
Бұл шара оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және елжандылық қасиеттерін нығайтуға бағытталды.

