Жаңалықтар / Салауатты отбасы – бақытты болашақ

Салауатты отбасы – бақытты болашақ

2026 жылдың ақпан айында мектепте «Салауатты отбасы – бақытты болашақ» тақырыбында отбасылық эстафеталық сайыс өткізілді. 
       Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігіне қызығушылық арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту және балаларды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. 
      Сайыс жарыс түрінде ұйымдастырылып, оған 5–7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, түрлі спорттық эстафеталық ойындарда өз шеберліктерін көрсетті. 
      Сайыс барысында қатысушылар ұйымшылдық, жылдамдық, ептілік пен төзімділік танытып, отбасылық бірліктің маңызын дәлелдеді. Барлық кезеңдер әділқазылар алқасының бақылауымен өтті. 
     Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Қатысушы отбасыларға алғыс айтылып, ата-аналар тарапынан оң пікірлер білдірілді. Іс-шара тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті. 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top