Жаңалықтар / Саналы ұрпақ-сенімді болашақ
Саналы ұрпақ-сенімді болашақ
№176 орта мектебінде 2025 жылдың 6- қараша күні «Саналы ұрпақ-сенімді болашақ» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
2025-2026 оқу жылының І тоқсанының қорытындысы, оқу тәртібі мен үлгерім мәселелері;
«Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы — тәрбиенің алтын қазығы»;
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда отбасының рөлі;
Балалар арасында суицидтің алдын алу, отбасында қолдау мен қадағалау;
ДосболLike бағдарламасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Оқу жылының алғашқы тоқсанына шолу жасалып, балалардың жетістіктері мен даму бағыттары сарапталды.
Ата-аналар мен ұстаздар жасөспірімдердің тәрбиесіне ортақ жауапкершілік, зиянды әдеттердің алдын алу, және баланың болашағына бағыт беру тақырыптарын кеңінен талқылады.
Басты мақсат — бала болашағына бірге жауапкершілікпен қарау!
Жиналыс ата-аналар мен сынып жетекшілері арасында ашық пікір, өзара түсіністік пен ынтымақтастық орнатуға бағытталды.

