Жаңалықтар / Сырдың сырлы әндер-ай
Сырдың сырлы әндер-ай
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай «Сырдың сырлы әндер-ай» тақырыбында ән фестивалі болып өтті.
Мақсаты: жергілікті сазгерлердің әндерін насихатау. Оқушыларды ана тілі мен мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, өнерге, әсем ән айтуға баулу.
Ән фестиваліне №176 орта мектебінен музыка пәнінің мұғалімі Ерсатова Базила, 4 «Б» сынып оқушысы Ақтұрған Мұхамедали қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Осындай өнер додасы арқылы жергілікті сазгерлердің рухани мұрасы ұрпаққа аманат болып, жалғасын таба бермек.
Марапаттарыңыз құтты болсын! Әріптесімізге шығармашылық табыс, шәкіртімізге өнерің өрге жүзіп, болашағың жарқын болсын деп тілейміз!

