Жаңалықтар / Тәуелсіз елдің ұландары
Тәуелсіз елдің ұландары
25 Қазан – Республика күні мерекесі аясында мектебімізде «Тәуелсіз елдің ұландары» тақырыбында АӘТД пәні оқытушысы Жүсіпов Жандостың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында әскери — қолданбалы спорт түрлерінен сайыс өтті.
Сайыс барысында автоматты жартылай бөлшектеп жинау, оқжатарды жарақтау, пневматикалық қарудан нысана ату бойынша оқушылар өздерінің шапшаңдықтарын, күш-қайраттарын, ұйымшылдықтарын және нағыз патриот екендіктерін көрсете білді.
Жеңіске жеткен командалар, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

