Жаңалықтар / Тәуелсіздік — ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ұлттың азаттығы мен елдігінің нышаны
Тәуелсіздік — ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ұлттың азаттығы мен елдігінің нышаны
№ 176 орта мектебінде 9 желтоқсан күні «Тәуелсіздік – ең басты құндылық» тақырыбында дебат сайысы болып өтті. Мақсаты – оқушыларды еліміздің тәуелсіздік тарихымен тереңірек таныстыра отырып, патриоттық рухты ояту, еркін ой айтуға, өз көзқарасын дәлелдеуге үйрету.
«Тәуелсіздік – ең басты құндылық» тақырыбындағы дебат тәуелсіздіктің мәні мен маңызын жастарға терең ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды. Дебат барысында екі топ өз ұстанымдарын дәлелдеу арқылы тақырыпты жан-жақты ашып көрсетті. Үкімет және оппозиция тараптары нақты дәлелдер, статистикалық мәліметтер мен мысалдар келтіріп, тартысты ой-пікір алаңын қалыптастырды.
Оқушылар ел тарихына, егемендік жолындағы күреске шолу жасап, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін саралады.
Пікірсайыс нәтижесінде үкімет фракциясы «Дарын» І орын, оппозиция фракциясы «Жаңа ғасыр жастары» ІІ орын, Балымбет Мәншүк «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.

