Жаңалықтар / Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде 15 желтоқсан күні “Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында мерекелік шара өтті.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар қатысты. Шара барысында тәуелсіздік тақырыбындағы әндер, өлеңдер оқылып, тарихи деректерге шолу жасалып, күмбірлеген күй толқынында мерекелік ән шашулар айтылып, патриоттық өлеңдер оқылды.
Оқушылар елге деген сүйіспеншілікті көрсететін өнерлерін ортаға салды.
Еркіндіктің ернеуінен өрілген Егемендік, тарихымыздың тұғырына бекіген- Тәуелсіздік мерекесі тұғырлы болсын!

