Жаңалықтар / Тәуелсіздік тарихы – иллюстрация тілінде» комикс-бук көрмесі
Тәуелсіздік тарихы – иллюстрация тілінде» комикс-бук көрмесі
ТАРИХ — сурет тілімен
ТӘУЕЛСІЗДІК — жаңа форматта
ОҚИҒА — кадрларға сыйған шежіре
Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, 2025 жылдың
15 желтоқсан күні 5–7 сынып оқушыларына арналған «Тәуелсіздік тарихы – иллюстрация тілінде» атты комикс-бук көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларға Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды тарихи кезеңдерін заманауи иллюстрациялар, комикс-парақтар және визуалды баяндау тәсілі арқылы түсінікті әрі қызықты түрде жеткізу, ұлттық тарихқа қызығушылықты арттыру, шығармашылық көзқарасты дамыту.

