Жаңалықтар / Табиғат аясында күні

Табиғат аясында күні

№176 орта мектеп жанындағы «Сыр самалы» жазғы лагерінде «Табиғат аясында» күні жоғары деңгейде өтті!

Күн бойы балалар сергіту жаттығуларын жасап, көтеріңкі көңіл күймен « RANCHO» жануарлар паркі демалыс орнына саяхат жасады. Табиғаттың сұлулығын тамашалап, жануарлар әлемімен танысты. Таза ауадағы қызықты пикник балаларға ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар, тәрбиеленушілерге дәмді түскі ас ұсынылып, демалыс уақыты көңілді әрі пайдалы өткізілді. Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш – күннің басты жетістігі болды.

Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны сүюге баулитын осындай әсерлі күндер жалғасын таба береді!

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top