Жаңалықтар / Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

2026 жылдың 22 мамыр күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында 9 «Ә» сыныбымен сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – жас ұрпақты еліміздің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушыларға табиғатты аялау тақырыбындағы түрлі бейнероликтер мен табиғаттың әсем көріністері бейнеленген суреттер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылармен бірлесіп жасанды интеллект (ЖИ) арқылы қаламыздың суреттерін өңдеп, жасыл аймақтарды көбейтіп, ерекше әсерлі картиналар жасап көрдік.

Сабақ кезінде сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, «Таза табиғат» тақырыбында сурет салу, сұрақтарға жауап беру және топтық тапсырмалар орындау арқылы жұмыстар жүргізді. Оқушылар қызығушылық танытып, өз ойларын ашық айтып, сабаққа белсене қатысты.

Бұл сабақ жас оқушылардың жүрегінде «Таза табиғат» пен «Таза Қазақстан» туралы жарқын әрі әсерлі көзқарас қалыптастырды деп сенеміз.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top