Жаңалықтар / ТІЛ-АСЫЛ ҚАЗЫНА

ТІЛ-АСЫЛ ҚАЗЫНА

5 қыркүйек күні  «Тіл –асыл қазына» атты  5-7 сынып оқушылары арасында мерекелік жиын өткізілді. 

      Жиынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Сахиева Пернегүл мен Пірназаров Ерсін жүргізді. Оқушылар  ана тілі туралы және Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жүргізушілер жиын барысында биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы аталып өтілетінін, ақын Ахмет Байтұрсыновтың туған күні, сондай-ақ 5 қыркүйек  халықаралық тілдер мерекесі екенін айтып тоқталып өтті. 

    Жиында оқушылар Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа оқуда аса белсенділік танытты. Оқушыларға жасанды интеллект арқылы тілдің құдіреті мен  мәртебесі туралы мәлімет беріліп, көрсетілді.Мерекелік жиын «Қазақстаным» атты әсем әнмен аяқталды. 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top