Жаңалықтар / ТІЛ МЕРЕЙІ-КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІСТЕ
ТІЛ МЕРЕЙІ-КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІСТЕ
«Қазақ тілі мен әдебиеті: цифрлық білім мен тіл мәдениетінің тоғысы» тақырыбындағы 08 -19 желтоқсан аралығындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігінде оқушылардың оқу сауаттылығы мен тілге деген құрметін арттыру мақсатында қоңырау арасында көңілді үзілістер өткізілуде.
Тілге деген сүйіспеншілікті арттырған танымдық ойындар, мақал-мәтелдер, қызықты сұрақтар мен тапқыр жауаптар үзілісті шын мәнінде мерекеге айналдырды. Оқушылардың белсенділігі мен көңіл күйі — ұлттық тілімізге деген құрметтің айғағы.
Осындай мазмұнды да мағыналы іс-шаралар жалғасын таба берсін!
Қазақ тіліміз жасай берсін, мәртебесі әрдайым биік болсын!

